Ссылки доступа

Сергей Лавров Қырғызстан СІМ басшысына Ульянов облысындағы апатқа байланысты үндеу жолдады


Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров Қырғызстан СІМ басшысы Жээнбек Кулубаевқа үндеу жолдады. Бұл туралы Ресейдің Қырғызстандағы елшісі хабарлады.

Елшілік мәліметінше, ресейлік шенеунік Ресейдің Ульянов облысындағы жол апатында 14 қырғыз азаматының опат болуына байланысты көңіл айтқан.

21 тамыздағы ірі жол апатынан 16 адам қаза болды, олардың 14-і - Қырғызстаннан келген еңбек мигранты. Олар мінген шағын автобусқа жүк көлігі соғысты. Мәліметтерге қарағанда, жүк көлігін жүргізушінің жүрегі сыр берген.

23 тамыз Қырғызстанда жол апатынан қаза болғандарды аза тұту күні деп жарияланды.

XS
SM
MD
LG