Ссылки доступа

Тәжік билігі әскерге күзде қабылдау науқанына дайындық басталғанын мәлімдеді


Тәжікстан билігі елдің Қарулы күштері құрамына күзде сарбаз жинау науқанына дайындық басталғанын жариялады. Науқан жоспарын толық орындамаған аудандарда штаб жиналысы өтті.

Истаравшан әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, Истаравшан басшысы Адхам Маъмурзода жоспарды толық орындау үшін барлық күшті жұмылдыруын талап етті.

Елдегі басқа да аудандардың биліктері күзгі науқанға дайындық басталғанын хабарлады.

Армияға сарбаз қабылдау науқаны күзде 1 қазанда басталып, қарашаның аяғына дейін жүреді. Кейінгі жылдары жастарды әскерге тарту ісі тәжік қоғамының өзекті мәселесіне айналды.

Әлеуметтік желілерде билік өкілдерінің жастарды күшпен ұстап, әскерге еріксіз әкеткенін дәлелдейтін видеороликтер көптеп таралды. Билік мұндай тәжірибе барын жоққа шығарып отыр.

Кейінгі жылдары студенттерді де әскерге баруға мәжбүрлеу көбейді.

XS
SM
MD
LG