Ссылки доступа

Өзбекстанда археологиялық ескерткішті жойған тұрғын ұсталды 


Өзбекстанның Қашқадария облысындағы "Кунжутлитепа" археологиялық ескерткішін толығымен талқандап, мәдени мұраға 47,5 миллиард сум (4,3 миллион доллар) зиян келтірген тұрғын ұсталды. Бұл туралы елдің бас прокуратурасы мәлімдеді.  

Ақпаратқа қарағанда, топырақ сатумен айналысатын тұрғын жергілікті билік тараптың бірнеше рет жасаған ескертуіне қарамастан, "Кунжутлитепа" археологиялық ескерткішін жойып жіберген.

Жергілікті прокуратура күдіктіге қарсы "Мемлекетке ірі көлемде зиян келтіру және материалдық мәдени мұра нысандарын бұзу" бабы бойынша қылмыстық іс қозғаған.

Бұл бап бойынша кінәлі деп танылғандарға жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылу жазасы қарастырылған.

XS
SM
MD
LG