Ссылки доступа

Қырғызстанда экс-президенттерге берілген артықшылықтар алынып тасталмақ 


Қырғызстан президенті және экс-президенттерге қатысты заңға өзгерістер енгізу жөніндегі заң жобасы қоғам талқысына шығарылды. 

Қоғам талқысына шыққан заң жобасында экс-президенттерге берілген бірқатар жеңілдіктерді алып тастау қаралған. Онда экс-президенттерді мемлекет есебінен асырауды тоқтату, оққағар алып жүру және коммуналдық төлемақыларды өз есебінен жүргізу ұсынылған.

Бұдан бөлек жаңа президент сайланғаннан кейін бір айдың ішінде экс-президент мемлекеттік резиденциядан шығып кетуі керек.

Егер заң жобасы қолдау тапса, президент қызметін тоқтатқан күннен бастап өзі және отбасы мүшелерінің емханаларда тегін емдеу құқығы жойылып, мемлекеттік саяжайлары қайтарылатын болады.

Заң жобасын әзірлеген депутат Жеңишбек Токторбаев Түркия, Оңтүстік Корея секілді қуатты елдердің өзінде экс-президенттерге мұндай артықшылық берілмегенін айтады.

Қазір Қырғызстанда Роза Отунбаева мен Сооронбай Жээнбеков ғана экс-президент мәртебесіне ие.

XS
SM
MD
LG