Ссылки доступа

Оңтүстік Кореяде екі өзбек паралимпиадашы атлет қыздарға қырындағаны үшін ұсталды


Оңтүстік Кореяда Өзбекстан құрамасының пара пауэрлифтинг жарысына қатысатын екі мүшесіне атлет қыздарға қырындағаны үшін айып тақты.

Өзбек спортшыларының үстінен қылмыстық іс қозғалғаны екі айдан кейін ғана мәлім болды.

Өзбекстан Ұлттық паралимпиада комитеті бұл іске қатысты әлі күнге дейін ресми мәлімдеме жасаған жоқ.

Оқиға биыл 14-20 маусым аралығында Пхёнтхэк қаласында пара пауэрлифтинг бойынша ашық чемпионат кезінде болған.

Біріншіліктің соңғы күні Австралия құрамасының екі мүшесі Өзбекстанның екі атлетінің үстінен жергілікті полицияға шағым түсірген.

Полиция бес өзбек спортшысын ұстаған, артынша үшеуін босатқан. Екі спортшы – А.Б мен Н.Д екі айдан бері Пхёнтхэк қалалық прокуратурасының тергеу изоляторында отыр.

Азаттықтың өзбек қызметі дереккөзінің айтуынша, австралиялық екі атлет қыз өзбек спортшылары оларға тиісті деп шағымданған. Алайда өзбек спортшылары оны жоққа шығарып, "бәрі екі жақтың келісімімен болды" деп мәлімдеген.

Бұл іске қатысты алғашқы сот отырысы 24 тамызда өтті, бірақ сот ешқандай шешім қабылдаған жоқ. Өзбек атлеттері он жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін.

XS
SM
MD
LG