Ссылки доступа

Қырғыз елшісі тәжік министрімен шекара қауіпсіздігін талқылады


Қырғызстанның Тәжікстандағы елшісі Ерлан Абдылдаев 23 тамызда Душанбеде Тәжікстан ішкі істер министрі Рамазон Рахимзодамен екіжақты әріптестік, соның ішінде көші-қон және құқық қорғау салаларындағы мәселелерді талқылады.

Қырғызстан СІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, кездесуде екі елдің құқық қорғау органдарының тығыз қатынаста жұмыс істеуі маңызды екені, "оның шекаралас аймақтар қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ықпал ететіні" айтылды.

Тәжік министрі Ауғанстанның солтүстігіндегі халықаралық террористік ұйымдардан қауіп барын атап өткен.

Бір күн бұрын, 22 тамызда, Ерлан Абдылдаев Тәжікстан СІМ басшысының орынбасары Содик Имомимен кездесіп, екіжақты әріптестікті дамыту, соның ішінде азаматтардың құқықтарын қорғау, шекаралас аймақтардың қарым-қатынасы мәселелерін талқылаған.

еске салайық, Қырғызстан мен Тәжікстан арасындағы шекара 972 шақырымға созылып жатыр. Мемлекеттік шекараны белгілеу жқмысы 2002 жылы басталды. Биыл сәуірде көрші елдер ортақ шекараның 664 шақырымын анықтағанын мәлімдеді.

XS
SM
MD
LG