Тәжікстан билігі әзірге бұл мәлімдемеге жауап бермеді. Бірер күн бұрын Озоди радиосының дереккөзі кемінде тоғыз ауған босқыны еліне депортацияланды деп хабарлаған.
Мәлімдемеде көрсетілгендей, 23 тамызда бес ауған азаматы отбасы мүшелерімен бірге Ауғанстанға өткеріп берілген.
"Тәжікстан Ауғанстаннан қашқан адамдарды кері қайтармауы тиіс. Ол жақта олардың көмірі қауіпке толы", - деді БҰҰ өкілі Элизабет Тан.
БҰҰ мәліметінше, биыл жаз айынан бері Тәжікстанда 8500 ауған босқыны және пана іздеген азаматтар тіркелген. Олардың 5700-і былтыр тамызда ауған билігін тәліптер басып алғаннан кейін келген.
Ауғанстандықтардың көбі Тәжікстан арқылы Канада және Еуропа елдеріне өтіп кетуді қалайды. Соңғы бір жылда Тәжікстанға келген босқындардың 4 мыңға жуығы үшінші өлкеге өтіп кеткен.