Қырғызстан премьер-министрі Ақылбек Жапаров 26 тамызда Шолпан-Атада Еуразиялық үкіметаралық кеңес жиналысында осылай деп мәлімдеді.
Жапаров 2022 жылдың алғашқы жартысында ЕАЭО-ның экономикалық көрсеткіштері өскенін айтты. Бұған қоса, ол одақ ішінде түрлі кедергілер барын мәлімдеп, оны жою үшін Жоғарғы Еуразия экономикалық одағының биыл желтоқсанда өтетін жиналысына ұсыныс дайындауды өтінді.
"Біздің елдерде жұмыс істейтін азаматтардың жүріп-тұруына мейлінше жағдай жасауымыз керек. Азаматтарымыз еңбек етуге тең мүмкіндікке ие", - деп мәлімдеді Ақылбек Жапаров.
Бұның алдында Қырғызстан президенті Садыр Жапаров ЕАЭО елдеріндегі көші-қон талаптарын жеңілдету керектігін мәлімдеген.