Ссылки доступа

Қарақалпақстан парламентінің төрағасы Мұрат Камалов қызметтен кетті


Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев 26 тамызда таңертең Нүкіс қаласына келіп, Қарақалпақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің сессиясына қатысты.

Парламент жиналысында Жоғарғы Кеңес төрағасы Мұрат Камалов денсаулығына байланысты қызметтен уақытынан бұрын босады, деп хабарлады президенттің баспасөз қызметі.

Оның орнына ІІМ-нің бұрынғы басшысы, қазір Министрлер кеңесі төрағасының бірінші орынбасары қызметін атқаратын Аманбай Орынбаев ұсынылды. Ол 22 тамызда республика парламентінің депутаты болып сайланған. Президент оның кандидатурасын қарамас бұрын аймақтары әрі қарай дамыту жөніндегі жоспарын тыңдауды ұсынды.

Мұрат Камалов Жоғарғы Кеңес төрағасы қызметіне 2020 жылғы 2 қазанда тағайындалды.

Биыл 1-2 шілдеде Өзбекстанның жаңа Конституциясы жобасында Қарақалпақстан мәртебесін өзгерту туралы бапқа қарсы шыққандардың Нүкіс қаласындағы көтерілісі күшпен басылды.

Ресми мәлімет бойынша, 1-2 шілдеде 243 адам жараланып, 21 адам қаза болды, 516 адам ұсталды.

XS
SM
MD
LG