Ссылки доступа

Тәжікстанда терроризммен күрес жөнінде конференция өтеді


18-19 қазанда Душанбеде "Терроризмге қарсы үшін шекараға бақылау орнату және қауіпсіздік саласында халықаралық, аймақтық әріптестікті дамыту" тақырыбында халықаралық конференция өтеді.

Дереккөз мәліметінше, конференция өткізу шарттарын Тәжікстанның БҰҰ-дағы тұрақты өкілі Жонибек Хикмат пен БҰҰ Бас хатшысының орынбасары, БҰҰ Терроризммен күрес басқармасының басшысы Владимир Воронков 25 тамызда талқылады.

Осыған қатысты толық мәлімет жарияланбады, тек форум аясында жоғары деңгейдегі кездесулер өтетіні ғана айтылды.

Тәжікстан көрші Ауғанстандағы жағдай мен шекараны экстремист содырлардан, есірткі тасушылардан қорғауды елге төнген үлкен қауіп деп қарастырады. Бұл уақытта халықаралық адам құқықтарын қорғаушы ұйымдар тәжік билігін терроризм және экстремизммен күресті желеу етіп, саяси бақталастар мен белсенділерді қудалады, сонымен бірге сөз еркіндігін шектеді деп айыптап отыр.

XS
SM
MD
LG