Ссылки доступа

Өзбекстанда әйелін балабақшада сабаған еркек ертесіне оны өлтірген 


Ташкент облысы Куйичирчик ауданында балабақшада балалардың көзінше әйелін сабаған еркек ертесі оны өлтірген. Бұл жөнінде Өзбекстанның бас прокуратурасы хабарлады. 

Осының алдында интернетте ер адамның әйелін кемсітіп, оны сабап жатқан видеосы жарияланған. Ақпаратқа қарағанда, оқиға 24 тамызда болған. "Пахтакор" ауылының 31 жастағы тұрғыны қызғаныштан 24 жастағы әйелін сабаған. Ертесі төркініне қашып кеткен әйелін терезеден кіріп, оған пышақ сұққан. Әйелі ауыр жарақаттан көз жұмған.

Бұл оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалған, тергеу ісі жүріп жатыр.

Өзбекстанның Мектепке дейінгі білім беру министрлігі хабарлағандай, ерлі-зайыптылар көшеде ұрсып, күйеуі әйелін сабай бастаған кезде, әйелі "Ласточка" деген жеке балабақшаға қашып кірген. Оның артынан келген күйеуі әйелін балалардың көзінше сабап тастаған.

XS
SM
MD
LG