Ссылки доступа

Қырғызстанда курстанттар отырған көліктегі жол апаты бойынша тергеу басталды 


Қырғызстанның Қорғаныс министрлігі Қарулы күштердің Әскери институтының курсанттары отырған автобус жол апатына ұшырап, қазір оған қатысты тергеу ісі жүріп жатыр. 

Мекеме мәліметіне қарағанда, ауруханада жатқан курсанттардың жағдайы орташа.

Министрлік мәліметіне қарағанда, курсанттар 27 тамызда ант беру салтанатынан қайтып бара жатқан кезде болған. Ант беру шарасы туыстарының қатысуымен өткен.

Соңғы мәліметке қарағанда, апаттан кейін тоғыз адам ауруханаға түсіп, тағы 12-сі әскери госпитальға жатқызылған.

XS
SM
MD
LG