Ссылки доступа

Бірнеше апталық үзілістен кейін АҚШ кемелері Тайвань бұғазына өтті 


Тайвань бұғазындағы АҚШ кемесі, 28 тамыз, 2022 жыл. 
Тайвань бұғазындағы АҚШ кемесі, 28 тамыз, 2022 жыл. 

Тамыздың басында АҚШ Конгрессінің Өкілдер палатасының спикері Нэнси Пелоси Тайбэйге барып кеткеннен кейін бірінші рет америкалық екі кеме Тайвань бұғазынан өтті. Бұл туралы Reuters агенттігі жазды. 

АҚШ өкілдері кемелер жақын елдердің жағасына бармастан, халықаралық дәліз арқылы өткенін хабарлады. Вашингтон кемелердің Тайвань бұғазынан өтуі – "АҚШ-тың Үнді-Тынық мұхиты аймағындағы ашықтық қағидасына ұмтылуын көрсетеді" деп атады.

Тайвань қорғаныс министрлігі кемелер оңтүстік тарапқа өткенін және олардың қарулы күші кеменің еш кедергісіз өтіп кетуін бақылап тұрғанын жеткізді.

Қытай армиясы болса олардың әскері жоғары дайындықта екенін және қандай шағым болмасын, алдын алуға дайын екенін жариялады.

Осыған дейін АҚШ-тың Әскери-теңіз күштерінің кемелері Қытайдың наразылығына қарамастан Тайвань бұғазы арқылы өтіп тұрды. Бейжің америкалық кемелер Қытайдың шекарасын бұзып жатыр деп есептейді.

АҚШ Тайваньмен ресми дипломатиялық мәміле құрған емес, бірақ аралдың өзін-өзі қорғауына қаражат беріп тұруға дайын.

Қытай болса, аралды өзінің аймағы деп есептейді және оны бақылауына алу үшін күш қолдануды да жоққа шығармайды.

XS
SM
MD
LG