Ссылки доступа

Ферғанадан Ресейге оқуға барған студенттер далада қалуы мүмкін


28 тамызда әлеуметтік желілерде Өзбекстаннан Ресейдің Краснодар мен Кубань қалаларына оқуға барған бір топ студент далада қалуы мүмкін екені туралы видео тарады.

Студенттер өзбек президенті Шавкат Мирзияевқа жолдаған бейнеүндеуінде олар жоғары оқу орындарындағы жатақханалардан шығарылатынын айтқан.

"Бізді Ферғана медициналық институтының басшылығы алдады" дейді олар. Студенттердің айтуынша, келісім-шарт бойынша олар үш жыл Өзбекстанда, екі жыл Ресейде оқуы тиіс болған. Бірақ Краснодарға келген студенттердің жартысын ғана алып, қалғандарын қабылдамаған.

"30 тамызда бізді жатақханадан шығарады. Баратын жер жоқ. Келісім-шарт бұзылды, енді біз студент емеспіз", - дейді шағымданушылардың бірі.

Ресейдегі жоғары оқу орындары басшыларының айтуынша, келісім-шартта көрсетілген қаражат үш жылдан бері түспеген, сол себепті Өзбекстанмен жасалған шарт бұзылған.

Студенттер Ферғана медициналық институтында оқу үшін бір жылға 3 мың доллар төлегенін айтып отыр.

Өзбекстанның ресми өкілдері студенттер шағымына қатысты әзірге ешқандай мәлімдеме таратпады.

XS
SM
MD
LG