Ссылки доступа

Душанбеде тұтқын қашқан түрменің жауапты қызметкері қамауға алынды 


Ахмадбек Саидов
Ахмадбек Саидов

Душанбедегі N 1 абақтыда тұтқын қашып кеткеннен кейін, осы мекеменің жауапты қызметкері ұсталды. Озоди радиосының дереккөзінше, 35 жастағы Ахмадбек Саидов 19 тамызға қараған түні түрмеден қашқан.  

Қазір Ахмадбек Саидовтың суреттері Душанбе көшелерінде ілулі тұр. Оған іздеу жарияланған.

Ахмадбек Саидов 12 тәжік азаматымен тамыз айының басында Ресейден депортацияланған. Ол бұзақылық жасап, ақша ұрлады деп айыпталған.

Дереккөздің хабарлауынша, оның қашуына көмектескен түрме қызметкері Идибек Мухтоджев ұсталған. Тексеру барысында, ол қашу алдында Мухтоджевтың телефоны арқылы белгісіз адаммен сөйлескен.

2010 жылы аталған абақтыдан 25 тұтқын қашып кеткен. Олардың дені ауыр қылмыс жасады деп айыпталғандар болатын.

Қашқындарды ұстау операциясы 2011 жылдың күзіне дейін жалғасты. Ресми мәлімет бойынша, қашқандардың 14-і ұсталып, жетеуі өлтірілген. Екеуі ұсталған.

XS
SM
MD
LG