Тергеу мәліметінше, 1987 жылы туған ер адамның денесі таңға жуық ол қамалған камерадан табылған.
Ол Шу облысындағы №26 жалпы қоныстану мекемесінен қашып кетіп, қайта ұсталған.
24.kg басылымының жазуынша, марқұмның туыстары оны өлтірді деп мәлімдеген. Қазір сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.
Осының алдында Оштағы тергеу абақтысында 33 жастағы ер адам қайтыс болған.