Ссылки доступа

Самарқанда сабақ ШЫҰ саммитіне байланысты 19 қыркүйекте басталады


Самарқанд халық білімі басқармасының хабарлауынша, мектептерде сабақ Шанхай ынтымақтастық ұйымы саммитіне байланысты 19 қыркүйекте басталады.

"Түрлі шаралар кезінде қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету үшін Самарқанд қаласында орта білім беру мекемелерінде сабақ 19 қыркүйекте басталады", — деп хабарлады білім басқармасының баспасөз қызметі.

Мәліметке қарағанда, оқу жылы басындағы сағаттар маусым аралық демалыстарға ауыстырылады.

ШЫҰ саммиті Самарқанда 15-16 қыркүйекте өтеді. Ұйымға Өзбекстан, Ресей, Қытай, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Үндістан, Пәкістан және Иран елдері мүше. Ауғанстан, Моңғолия және Беларусь бақылаушы мәртебесін алған.

Бұның алдында "Узбекистон хаво йуллари" әуе компаниясы "Самарқанд" әуежайы ШЫҰ саммитіне байланысты уақытша жабылатынын жариялаған.

XS
SM
MD
LG