Ссылки доступа

Тәжікстан: экс-судья Рустам Саидахмадзоданың қамаудағы мерзімі тағы екі айға ұзартылды


Рустам Саидахмадзода
Рустам Саидахмадзода

Тәжікстан Бас прокуратурасы тергеушілерінің арызы негізінде экс-судья Рустам Саидахмадзоданың қамаудағы мерзімі тағы екі айға ұзартылды.

43 жастағы судья "қызметтегі құзыретін асыра пайдаланды", "қылмыс туралы әдейі жалған ақпарат берді" деген айыптар тағылған. Рустам Саидахмадзода мен оның туыстары айыптарды жоққа шығарып отыр.

Бұрынғы судьяны қамауда ұстау мерзімі 25 тамызда Душанбе қалалық тергеу абақтысында көшпелі сот отырысында ұзартылған. Күдіктінің туыстарының бірі 30 тамызда Озоди радиосына сот отырысына экс-судьяның өзі қатыспағанын айтты.

"Сотта оның адвокаты қатысты. Тергеу жүріп жатқан екі айда ешқандай өзгеріс болған жоқ", - деді ол.

Бас прокуратура тергеушілері экс-судья ісіне қатысты сауалдарға жауап бермеді.

Соғды облысындағы Бободжон Ғафур ауданының судьясы Рустам Саидахмадзода биыл 29 маусымда Душанбеде ұсталды. 1 шілдеде ол сот шешімімен екі айға қамауға алынды. Бір аптадан соң Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон Саидахмадзоданы қызметтен босату туралы жарлыққа қол қойды.

Тәжікстанда 450-ден аса судья бар. Республикада судьяларды мемлекет басшысы тағайындайды және қызметтен алады.

XS
SM
MD
LG