Ссылки доступа

Қарақалпақстанда 24 күдікті үйқамаққа ауыстырылды


Қарақалпақстанда Нөкістегі оқиғаға байланысты ұсталған 24 күдікті кепілпұлмен қамаудан босатылды. Бұл туралы омбудсмен кеңсесінің баспасөз қызметі хабарлады.

Мәліметке қарағанда, Өзбекстан Бас прокуратурасы "Қарақалпақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің сұрауымен, болған оқиғаларды зерттеумен айналысатын комиссия мүшелерінің ұсынысымен, мемлекет кепілдігімен" осындай шешім қабылдады.

Ресми мәлімдемеде айтылғандай, "күдіктілердің тәртіпсіздік кезінде жасаған әрекетіне өкінетіні ескерілді. Бұған қоса, олардың кәмелетке толмаған балалары бар, кейбіреуі үйдің жалғыз асыраушысы".

1-2 шілдеде Нөкіс қаласында Конституцияда Қарақалпақстан мәртебесін өзгерту туралы жобаға наразы халық көтерілді. Билік оны күшпен басты.

Өзбек билігінің мәліметінше, Нөкістегі ереуілдер кезінде 21 адам қаза болып, 243 адам жараланды, олардың арасында құқық қорғау органдарының қызметкерлері де бар. Оқиғадан соң 516 адам ұсталды.

XS
SM
MD
LG