Ссылки доступа

Қазақстанда шекарадан заңсыз өтті деген күдікпен қырғыз азаматы ұсталды 


Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері шекарадан заңсыз өтті деген күдікпен қырғыз азаматын ұстаған. Бұл ақпаратты Қырғызстанның сыртқы істер министрлігі растады. 

Мекеме мәліметінше, қамалған адамның Ыстықкөл облысының Түп ауданында мал жайып жүрген тұрған екені анықталған. Ол Алматы облысы Қаскелен қаласындағы №1 уақытша тергеу абақтысына жабылған.

"Қазір Алматыдағы бас консулдық Т.А.О. атты қырғыз азаматына көмек көрсетіп жатыр. Бұл мәселе сыртқы істер министрлігінің бақылауында", - деп жазылған хабарламада.

Биыл қаңтарда Қазақстанда шекарадан заңсыз өтті деген күдікпен Қырғызстанның 22 жастағы азаматы Сыймык Өмүрбек уулу ұсталған. Ақпанда Өмүрбек уулуна айыппұл салынып, Қазақстан аймағына бес жылға кіруге тыйым салу жөнінде шешім шыққан.

XS
SM
MD
LG