29 тамызда Озоди радиосына видеоүндеу жолдаған тәжік мигранттары "Красное селодағы" изоляторда бір айдан астам уақыттан бері адам төзгісіз жағдайда отырғанын айтты. "Бауырларымыздың бірі 60-қа жасқа жақындаған, қатты қиналып жүр. Тағы біреуі туберкулезбен ауырады, төсектен тұрмайды. Мұндай жағдай жоқ. Біз Тәжікстан билігінен көмек сұраймыз. Ешкімді өлтірмедік, барлығымызды тіркеуден жоқ болғандықтан ұстады", дейді мигранттардың бірі.
"Красное селодағы" изоляторда елу шақты тәжік мигранты қамауда отыр. Жергілікті биліктің хабарлауынша, олар тіркеуге тұрмаған, жұмыс істеуге рұқсат алмаған, сол себепті еліне депортацияланады.
Тәжікстанның Санкт-Петербургтегі бас консулдығы тәжік мигранттарының жағдайынан хабардар екенін, бірақ оларды сот шешімімен ғана елге қайтара алатынын айтты. "Қызметкерлеріміз бұл абақтыға үш айда бір мәрте ғана кіре алады. Онда жағдай жоғы рас, бірақ түрме деуге де болмайды. Тамақ береді, төсек бар, телефонмен сөйлесе алады. Мигранттарымыз кейде дұрыс емес әрекетке барады", дейді Тәжікстанның Санкт-Петербургтегі бас консулы Хомиджон Назари.
Кейінгі бірнеше жылда Ресей 300 мыңға жуық тәжік мигрантын еліне депортациялап, федерация аумағына кіруге тыйым салды.