Ссылки доступа

Өзбекстан азаматын Мәскеуде бала ұрлауға талпынды деп айыптады


Камеры видеонаблюдения зафиксировали, как гражданка Узбекистана забирает 5-летнюю девочку с детской площадки.
Камеры видеонаблюдения зафиксировали, как гражданка Узбекистана забирает 5-летнюю девочку с детской площадки.

Мәскеуге жұмыс істеуге барған өзбек азаматы Ноила Нұрматова Азаттықтың өзбек қызметіне хабарласып, астана билігі оның 21 жастағы қызын бала ұрлауға талпынды деп негізсіз айыптап жатқанын айтты.

Нұрматованың сөзінше, оның қызын 19 тамызда балалар алаңқайынан бес жастағы қызды ұрлап әкетуге әрекеттенді деген күдікпен ұстаған, бірақ ертесіне айып тағуға негіз болмағандықтан босатқан.

Сот шешімі жоқ болса да, Ресейдегі БАҚ пен әлеуметтік желілерде жас қызды "бала ұрлаушы" деп негізсіз қаралаған. Бұған қоса, әлеуметтік желілерде оны жазалауға үндегендер кездескен.

– Қызым балалар алаңқайында отырғанда оған бес жастағы қыз келіп, жеп отырған "қытырлақ нанын" сұраған. Қызым бөліскен. Бірнеше күннен соң қызым көшеде отырған уақытта жаңағы қыз тағы келіп, "қытырлақ нан" беруін сұраған. Қызым көшеде жалғыз жүрген бала үшін алаңдап, оның анасын іздеген. Ол дүкенде екенін айтқан. Соған ертіп бармақ болған ол кішкентай қызды жетектеп келе жатқан. Сол сәтте оның анасы жүгіріп келіп, баласын ұрлағалы жатыр деп айқайлаған, – дейді Ноила Нұрматова.

Көршілер полиция шақырып, Ноиланың қызын полиция бөліміне алып кеткен. Бақылау камерасындағы видеоны тексеру кезінде бес жастағы қыздың өзі келіп, дүкен жақты көрсеткені анықталған.

– Полициядағылар ертесіне қызымды босатты. Ал енді адамдар қызымның суретін әлеуметтік желілерге салып, арандатып жатыр. мен полицияға шағымдандым, қызым үшін күресемін, - дейді ана.

Ресей ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде 21 жастағы қызды "бала ұрлаушы" деп сипаттаған материалдар әлі таралып жатыр.

Өзбекстан сыртқы еңбек миграциясы жөніндегі агенттігінің мәліметінше, шетелде 2,4 миллионға жуық өзбек мигранты жүр. Олардың дені Ресейде жұмыс істейді.

XS
SM
MD
LG