Ссылки доступа

Нөкістегі оқиғадан кейін ұсталған тағы 10 күдіктіні үйқамаққа ауыстырды


Биыл шілде айының басында Қарақалпақстандағы наразылық акцияларынан кейін ұсталған тағы 10 күдіктіні 30 тамызда үйқамаққа ауыстыру туралы шешім қабылданды.

Бұл туралы парламенттің Қарақалпақстандағы оқиғаларды зерттеу жөніндегі комиссиясы телеграм-арнасында хабарлады.

Бұның алдында Нөкістегі оқиғадан соң ұсталған 24 күдікті үйқамаққа ауыстырылғаны мәлім болған. Осылайша, тергеу изоляторынан барлығы 34 адам бостандыққа шықты.

Қарақалпақстандағы ереуілдерден соң нақты қанша адам ұсталғаны туралы ресми ақпарат жоқ.

1-2 шілдеде Нөкіс қаласында Конституцияда Қарақалпақстан мәртебесін өзгерту туралы жобаға наразы халық көтерілді. Билік оны күшпен басты.

Өзбек билігінің мәліметінше, Нөкістегі ереуілдер кезінде 21 адам қаза болып, 243 адам жараланды, олардың арасында құқық қорғау органдарының қызметкерлері де бар. Оқиғадан соң 516 адам ұсталды.

XS
SM
MD
LG