Ссылки доступа

Ресей Қытай және Орталық Азия елдерімен әскери жаттығу өткізбек 


Мәскеу 50 мыңдай әскер қатысатын кезекті оқу-жаттығуға дайындалып жатыр. Бұл 1 қыркүйекте басталып, бір аптаға созылмақ. 

Оған Қытай, Үндістан, Лаос, Моңғолия, Никарагуа, Алжир, Сирия, бұдан бөлек Беларусь, Қырғызстан, Қазақстан және Тәжікстанның әскері қатысады.

Жаттығу құрлық және судағы әртүрлі операцияларды қамтиды.

Сонымен бірге Ресейдің Тынық мұхит флоты мен Қытайдың әуе теңіз күштері Жапония теңізінің акваториясында теңіз коммуникацияларын және теңіз экономикалық ісмерлігін қорғау бойынша бірлескен іс-әрекетке қатысады.

Ресей қорғаныс министрлігі жаттығу қорғаныс мақсатында екенін, қандай да бір өлкеге бағытталмағанын айтып жатыр.

XS
SM
MD
LG