Ссылки доступа

Құқық қорғаушы Бішкек көшелеріндегі Z және V жазуын өшіріп тастады (видео)


Құқық қорғаушы және азаматтық белсенді Өндүрүш Токтонасыров Бішкек көшелеріне белгісіз адамдар жазып кеткен Z және V жазуын тазалап, өшірді.  

Ол Қырғызстанның тәуелсіздік күнінде Ресейдің Украинаға басып кіру символдарына айналған жазуларды Бішкек көшелеріне жазып кеткендерді айыптап, оларды өшіріп, жуып жатқаны тартылған видеоны әлеуметтік желіге жариялаған.

Z және V таңбалары Украинаға басып кірген ресейлік техникаларда белгіленген. Кремльшіл насихатшылар оны "арнайы операцияның" символы деп атайды. Кремль үгіт ісінде бұл белгілерді көп қолданады.

Ресей 24 ақпанда Украинаға шабуыл жасағаннан бері Бішкек бұл мәселеде бейтарап көзқараста екенін жеткізіп келеді.

XS
SM
MD
LG