Жануарлар Ташкент хайуанаттар бағына өткізілді. Тасу ережелері сақталмағандықтан, хамелеондардың бірқатарының жағдайы ауыр. Ташкент әуежайы кеденшілері жануарларды заңсыз әкелген өзбек азаматын ұстаған.
Мемлекеттік кеден комитеті хабарлағандай, жануарларды 30 тамызда "Каир-Ташкент" рейсімен әкелген. Қолтырауындарды жемістер салынған пластик контейнерлердің ішіне салған. Контейнерлер фольгамен оралған.
Қазір бұл оқиғалар бойынша тексеру жүріп жатыр.
Өзбекстан заңдарына сәйкес, Қызыл кітапқа енген жануарларды шекарадан өткізу тек Мемлекеттік экология комитетінің рұқсатымен ғана жүргізіледі.