Ссылки доступа

Тәжікстан билігі ВИЧ-инфекциясы анықталған 22 жас жұбайға той өткізуге рұқсат бермеді (видео)


Тәжікстан билігі соңғы алты айда 22 жас жұбайға той өткізуге рұқсат бермеген. Себебі, қалыңдық не күйеу баланың бірінен ВИЧ-инфекциясы анықталған. 

Дәрігерлер жас жұбайлар тек толық тексеруден өткеннен кейін ғана той өткізе алады дейді. 1991 жылдан бері Тәжікстанда ВИЧ-инфекциясын жұқтырған 15 мың адам тіркелген. Бүгінгі күнге дейін олардың 3500-і қайтыс болған.

"Мен сегіз жылдан бері зардап шегіп келемін. Адамдар әртүрлі қарайды, көбі айыптайды", - дейді 31 жастағы Мухсиба (аты-жөні өзгертілген).

Ол шетелде жұмыс істеген күйеуінен ВИЧ жұқтырған. Ол мұны екінші баласына аяғы ауыр кезде бір-ақ білген.

"2015 жылы күйеуім Мәскеуден келген. Сол кезде қатты ауырдым. Дәрігерге барғанда, ВИЧ жұқтырғанымды білдім. Алғашқыда өмір тоқтап қалғандай болды", - дейді Мухсиба. Қазір оның күйеуі қайтыс болған. Екі баласын жалғыз тәрбиелеп отыр.

Ресми мәлімет бойынша, биыл алғашқы жарты жылда 548 адамнан ВИЧ-инфекциясы анықталған. Олардың 196-ы әйел.

Власти Таджикистана не разрешили сыграть свадьбу 22 новобрачным. Почему?
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:04:49 0:00

XS
SM
MD
LG