Ссылки доступа

Тәжікстан мемлекет құпиясын қорғауға $1,5 млн бөлді


Тәжікстан үкіметі мемлекет құпиясын қорғауды күшейту үшін 2026 жылға дейінгі аралықты қамтитын арнайы бағдарлама қабылдап, оған 15 миллионнан астам сомони (1,5 млн доллар) бөлді.

Үкіметтің осыған қатысты қаулысын Тәжікстан әділет министрлігі 30 тамызда жариялады.

Құжат түсіндірмесінде Тәжікстанға құпия ақпаратты сақтау техникалық жүйесін жетілдіру қажет екені айтылған. 2004 жылы алынған құрал-жабдықтар мен технологиялар ескірген. Цифры технология дамыған заманда тәжік үкіметіне арнайы бағдарлама қабылдау қажет болған.

Республикадағы журналистер биліктен мемлекет құпиясына жатпайтын ақпаратты да алу қиын екенін айтып жүр.

Тәжікстан әлем елдерінің БАҚ еркіндігіне қатысты жаңа рейтингінде 180 мемлекеттің ішінде 152-орында тұр. Рейтинг авторлары Тәжікстанды баспасөз еркіндігінің жағдайы аса күрделі елдер қатарына жатқызған.

XS
SM
MD
LG