Ссылки доступа

Ақылбек Жапаров Қамбарата-1 ГЭС-і мен Қытай-Қырғызстан-Өзбекстан темір жолының құнын айтты


Қырғызстанда Жогорку Кенеш депутаттары жазғы демалыстан оралды. 1 қыркүйекте парламенттің жаңа сессиясы ашылды.

Жиналысқа үкімет басшысы Ақылбек Жапаров та қатысып, 120-дан аса заң жобасын қарау қажет екенін айтты.

"Біз Қамбарата-1 ГЭС-нің құрылысын бастадық. Бұның алдында, 2014 жылы, жобаның техникалық-экономикалық негіздемесінде 3 млрд доллар қажет екені айтылды, бірақ содан бері материалдар әжептәуір қымбаттады. Енді 5-6 млн доллар қажет болады. Мұндай қомақты қаражатты жинау үшін бірқатар заң жобасын өзгерту керек. 15-16 қыркүйекте Самарқанд қаласында біз Қытай-Қырғызстан-Өзбекстан темір жол құрылысы жөніндегі келісімге қол қоямыз. Болжамға қарағанда, алдағы жылдың екінші жартысында жобаның техникалық-экономикалық негіздемесі дайын болады, жобаға 5-7 млрд доллар қажет", - деді үкімет басшысы.

8 маусымда Жалал-Абад облысында Қамбарата-1 ГЭС-нің құрылысы басталды. Нысан құрылысы 8-10 жылда аяқталады, бірақ алғашқы гидроагрегат төрт жылдан соң іске қосылады.

Бұның алдында президент Садыр Жапаров Қытай-Қырғызстан-Өзбекстан темір жолының құрылсы 2023 жылы басталатынын мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG