Ссылки доступа

Қазақстан шетелге астық пен ұн шығаруға салынған тыйымды 10 қыркүйекте жояды


Қазақстан 10 қыркүйектен бастап шетелге астық пен ұн шығаруға салынған тыйымды алып тастауды көздеп отыр. Бұл туралы бейсенбіде Қазақстан премьер-министрінің сайтында хабарланды.

Сәуірде Ресей астық экспортын уақытша тоқтатқандықтан Қазақстан да астық пен ұнды шетелге шығаруды шектеуге мәжбүр болды. Маусым айында Қазақстан тыйымды қыркүйектің аяғына дейін созды.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, биыл республикада 13 млн тоннадан астам астық жиналады деп жоспарланған. Үкімет болжамы орындалса, биылғы түсім былтырғы көрсеткіштен 12 пайыз артық болады. Билік ішкі нарық сұранысын 6,5 млн тоннаға бағалады.

Бұның алдында Қазақстан шетелге мал сатуды шектеген. Мұндай тыйым 21 қаңтарда салынып, 21 шілдеге дейін созылған.

XS
SM
MD
LG