Ссылки доступа

Мирзияев: КСРО-да 100 мың өзбекстандық қудаланып, 13 мыңы атылды


Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев 31 тамызда репрессия құрбандарын еске алды. Мемлекет басшысының мәлімдеуінше, тәуелсіздік алғанға дейін 100 мың отандас қудаланып, 13 мыңы атылды. Бұл туралы Өзбекстан президентінің сайтында хабарланды.

"Тәуелсіздік 31 жыл бұрын келсе де, біздің ата-бабаларымыз оған 100 жылдан астам уақыт жетуге талпынған. 100 мың отандасымыз қудаланды, 13 мыңы аяусыз атылды", - деп мәлімдеді Мирзияев.

Президенттің айтуынша, 235 репрессия құрбанын былтыр Өзбекстан Жоғарғы соты ақтады.

Өзбекстан 31 тамызда Репрессия құрбандарын еске алу күнін атап өтті.

Биыл атаулы күнге арналған шаралар репрессия құрбандарын еске алу мақсатында тұрғызылған "Шахидлар хотираси" кешенінде өтті. Оған мемлекет және қоғам қайраткерлері, ардагерлер қатысты. Құран оқылып, ас таратылды.

XS
SM
MD
LG