Ссылки доступа

Садыр Жапаров Жогорку Кеңеш регламенті туралы заң жобасын кері қайтарды 


Президент Садыр Жапаров Жогорку Кеңеш регламенті туралы заң жобасын кері қайтарды. Бұл туралы парламенттің жазғы демалыстан кейінгі алғашқы отырысында "Бүтүн Кыргызстан" фракциясы депутаты Исхак Масалиев мәлімдеді. 

"Президент пікірінде бірнеше сындар бар екен. Онда бірқатар жобаларға байланысты "Жогорку Кеңештің ешқандай құқығы жоқ" деп жазылыпты. Заң жобасын мұқият қайта қарап шығуымыз керек. Мен мұны Жогорку Кеңешті төмендету әрекеті деп санаймын. Сондықтан мен бәріңді президент пікірлерін оқып шығуға кеңес беремін. Бұл жерде біздің үкіметтен есеп алуға құқығымыз жоқ, тек мәлімет ғана ала алады екенбіз. Ортақ тіл тауып, бір пікірге келуіміз керек", - деді Масалиев.

Бұған байланысты президент әкімшілігі әзірге пікір білдірмеді.

Парламент "Жогорку Кеңештің регламенті туралы" заң жобасын жазғы демалысқа кетер кезінде шұғыл қарап, қабылдаған.

2020 жылдағы билік алмасудан кейін Конституция қайта өзгертіліп, референдум арқылы президенттік басқаруға қайта өткен және парламенттің бірқатар құқықтары қысқарған. Бас заңда депутатты шақырып алу жобасы қосылған.

Соңғы парламент сайлауы 2021 жылдың 28 қарашасында өткен. Жогорку Кеңештің бұл шақырылымы 90 депутаттан құралды. Олардың 54-і партия тізімімен, 36-cы өлке бойынша құрылған округдардың бірінен сайланған. Әзірге парламентте 34 округтың өкілі істеп жатыр.

Жогорку Кеңештің алтыншы шақырылымында 120 депутат болған.

XS
SM
MD
LG