Ссылки доступа

Тәжікстанда жергілікті билікті сынап жүрген блогер ұсталды 


Тәжікстанның Нурек қаласында жергілікті билік өкілдерін сынап, аймақтағы проблемалар туралы видео түсіріп келген блогер ұсталды. 

Ресми мәлімдемеде блогердің аты-жөні аталмайды, бірақ ол елде тыйым салынған "Тәжікстанның ұлттық альянсына" байланысы бар екені хабарланды. Аталған альянсты шетелде қашып жүрген тәжік оппозиция өкілдері құрған.

Нурек қалалық ішкі істер басқармасының мәліметіне қарағанда, блогер "қаладағы ғимараттардың бірін видеоға түсіріп, оны интернетке жариялағаннан кейін" ұсталған. Бұдан бөлек блогердің телефонынан оппозициялық сайттарға жөнелтілген делінген басқа да видеолар табылған.

Тәжікстанда соңғы айларда ондаған блогер мен журналистер ұсталды. Олардың бәріне елде тыйым салынған ұйымдармен байланысы бар деген айып тағылған.

XS
SM
MD
LG