Жергілікті тұрғындардың "Озодлиққа" хабарлауынша, көрші қалалардан Ұлттық ұлан мен Жол күзеті қызметінің қосымша күштері Самарқанға жолданды. Олар қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етеді.
– Қалада Ұлттық ұланның түрлі облыстардан келген автокөліктері көбейді. Астанадағы Жол күзеті қызметінің көліктері де осында жүр, - дейді аты-жөні жарияланғанын қаламаған самарқандық белсенді.
Ұлттық "Узбекистон хаво йуллари" әуе компаниясы 14-16 қыркүйек аралығында Самарқанд халықаралық әуежайы ШЫҰ саммитіне байланысты жабылатын хабарлады.
Самарқанд облыстық халық білімі басқармасы орта мектептерде сабақ 19 қыркүйекте басталатынын жариялады.
ШЫҰ саммитіне ұйымға мүше елдердің - Ресей, Қытай, Үндістан, Пәкістан, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан басшылары қатысады деп жоспарланған.
Үндістан мен Қытай басшылары саммитке келетінін растады, алайда Кремль де, ресми Ташкент те Путиннің Самарқанға сапары туралы әзірге ешқандай мәлімет таратпады.
Жергілікті белсенділер мен бақылаушылар қалада қауіпсіздік шараларының күшейтілуін Ресей президентінің саммитке келуімен байланыстырып отыр. Украинадағы соғыс басталған уақытта "Путин бункерге тығылды", алыс шетелдерге сапарлаудан бас тартты деген мәлімет тараған.
Путин биыл маусым айында Тәжікстан мен Түркіменстанға сапарлап барған.
ШЫҰ саммиті Өзбекстанда соңғы рет 2016 жылы ұйымдастырылған.