Ссылки доступа

Қырғыз-қазақ шекарасындағы үш бекет азаматтар мен автокөліктерді өтізуді уақытша тоқтатты


Қырғызстан Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті Шекара қызметінің хабарлауынша, жұма күні Сыртқы көші-қон бірыңғай жүйесінің техникалық базасы жаңартылып жатқандықтан жұма күні қырғыз-қазақ шекарасындағы бірқатар бақылау-өткізу бекеті азаматтар мен автокөліктерді өткізуді уақытша тоқтатады.

Шекара қызметі жұмысы уақытша тоқтайтын үш бекеттік атады: сағат 11.00-ден 13.00-ге дейін — "Ақ-Тілек-автожол" бекеті; сағат 14.00-ден 16.00-ге дейін "Кең Булун-автожол"; сағат 17.00-ден 20.00-ге дейін — "Тоқмоқ-автожол.

Шекара қызметі базаны жаңарту жұмыстары одан ерте аяқталуы мүмкін екенін ескертті. Шекарадағы қалған бекеттер әдеттегідей жұмыс істеп тұр.

Шекара қызметі мемлекеттік шекарадан өтетін азаматтарға жолды алдын ала жоспарлауға кеңес берді.

XS
SM
MD
LG