Ссылки доступа

Қаңтарда ұсталған белсенді Фарит Ишмұхаметов бостандыққа шықты


Қаңтар оқиғасы кезінде ұсталған семейлік Фарит Ишмұхамедов 1 қыркүйекте ешқайда кетпеу туралы қолхатпен тергеу изоляторынан шықты.

Екі апта бұрын бұлтартпас шарасын өзгерту туралы апелляция шағымын қараған сот алдыңғы шешімді "заңды" деп танып, Ишмұхаметовті қамаудан босатпаған.

30 тамызда Ишмұхаметовті Өскеменнен Семейге жіберген. Белсенді қамаудан босатқалы жатқанын еркіндікке шығардан бір жарым сағат бұрын ғана білген. Фарит бұлтартпас шарасының өзгеруін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың "жолдауымен" байланыстырды.

— Президенттің айтқандары әсер еткен шығар. Адамдар саясатқа назар аудара бастады. Қоғамдық ұйымдар мен көпшіліктің наразылығы президентке де ықпал еткен сияқты. Халықаралық ұйымдар, БҰҰ биліктің азаматтық қоғамды тұншықтырып отырғанын көріп отыр, - дейді Ишмұхаметов.

Құқық қорғаушылардың мәліметінше, Фарит Ишмұхаметов 5-6 қаңтар күндері Семей орталық алаңындағы митингіге қатысқан. Ақпаратқа қарағанда, Ишмұхаметов наразылықтың бейбіт өтуі маңызды екенін айтқан. Алайда полиция оны және наразылыққа қатысқан өзге азаматтарды ұстап, резеңке таяқпен ұрған. Белсенді 7 қаңтарда кешке босатылған, ертесінде шақырумен полиция бөлімшесіне барған. Сол жерде ұсталып, Өскеменге этаппен жіберілген.

Ишмұхаметовке "жаппай тәртіпсіздік" бабынан бөлек "ғимаратқа басып кіру" бабы бойынша да айып тағылып отыр. Бұл бап бойынша 8-ден 15 жылға дейін түрме жазасы қарастырылған.

1 қыркүйекте Тоқаев Қаңтар оқиғасының қатысушыларына бір реттік рақымшылық жасалатынын мәлімдеді. Президенттің сөзінше, бұл рақымшылыққа тәртіпсіздік ұйымдастыруға қатысқан басты күдіктілер, сонымен қатар мемлекетке опасызсыздық жасау және билікті күшпен басып алуға айыптылар жатпайды. Президент нақты қанша адам рақымшылық алатынын айтпады.

XS
SM
MD
LG