Ссылки доступа

Қырғызстан Америкадан виза беруді жеңілдетіп, туристік виза мерзімін екі есеге ұлғайтуды сұрады 


Қырғызстандағы АҚШ елшілігінде соңғы кезде виза алуға сұраныс көбейіп, кезек ұлғайған. 

Осылай деп Қырғызстанның АҚШ-тағы елшісі Бақыт Аманбаев Америка мемлекеттік хатшысының Оңтүстік және Орталық Азия бойынша көмекшісі Брайан Cтиммлермен кездесу кезінде айтты.

Аманбаев қырғыз азаматтарына виза алуды жеңілдетуді және виза мерзімін бес жылдан 10 жылға ұзартуды сұраған. Сонымен бірге Америкаға оқуға түскен студенттерге визаны тездетіп алу үшін жеңілдіктер қарастыруды сұраған.

Брайан Стиммлер өз кезегінде бұл мәселеге қатысты жауап беруге уәде еткен.

Осының алдында АҚШ-тың Қырғызстандағы елшілігінің баспасөз хатшысы Нолен Джонсон Limon.kg басылымына сұқбат беріп, COVID пандемиясына байланысты 2023 жылдың ортасына дейін шектеулерді алып тастай алмаймыз деген.

XS
SM
MD
LG