Ссылки доступа

Тәжікстан ауған босқындарын күшпен отанына жөнелтіп жатыр 


Озоди радиосының бірнеше сенімді бұлағы Тәжікстанда ауған босқындарын депортациялау жалғасып жатқанын хабарлады. Мәліметке қарағанда, соңғы үш күнде ондаған адам күшпен Ауғанстанға қайтарылған.

Осының алдында БҰҰ-ның Босқындар ісі бойынша жоғарғы комиссары Тәжікстанды ауғандарды күшпен депортациялауды тоқтатуға шақырған.

Депортацияланған ауғандардың бірі Озоди радиосына білдіргендей, 31 тамызда өздерін қауіпсіздік қызмет өкілдері деп таныстырған адамдар оны Душанбенің Рудаки ауданындағы базардан алып кеткен.

"Олар құжаттарды тексеретінін айтты. Мені үйге алып келіп, балаларыңды ал, сендерде ҰҚК бөлімшесіне алып барамыз деді. Душанбеге алып барып, түстен кейін көлікке салып, шекараға жеткізіп, Ауғанстанға өткізіп жіберді. Ешқандай сот отырысы болмады, не үшін депортацияланып жатқанымызды да айтпады", - деді ауған босқыны.

Тәжік билігі бұл бойынша пікір беруден бас тартты.

Тағы бір ауған босқыны Afghanistan International телеканалына Тәжікстан үш аптадан бері ауғандарды негізсіз депортациялап жатқанын айтты.

"Тәжік күш қызметкерлері ауған босқындарын үй-үйді аралап шығарып жатыр. Егер бізді Ауғанстанға қайтарса, өміріміздің не болатынын білмейміз. Себебі біз бұрынғы үкіметтің қызметкерлері болып есептелеміз", - деді ол.

Ауғанстанның Душанбедегі елшілігінің өкілдерінің бірі соңғы үш күнде Тәжікстаннан 60 ауған депортацияланғанын жеткізді.

Қазір Тәжікстанда 10 мыңға жуық ауған босқыны бар. Оларды көбі былтыр тәліптер ауған билігіне келген кезде қашып келген.

XS
SM
MD
LG