Ссылки доступа

Тәжікстан абақтыдан қашқан адам жөнінде мәлімет бергендерге сыйақы жариялады 


Тәжікстан ІІМ Душанбе тергеу абақтысынан қашқан Ахмадбек Саидовтың суретін жариялап, оның қайда жүргенін хабарларғандарға сыйақы беретінін мәлімдеді. 

35 жастағы Ахмадбек Саидов 19 тамызға қараған түні тергеу абақтысынан қашып кеткен.

12 тәжік азаматымен қоса Ресейден депортацияланған Ахмадбек Саидов 2007 жылы Дангара қаласында қарақшылық жасап, 8080 доллар ұрлады деп айыпталған.

Ол абақтыдан қашқаннан кейін, артынша түрме қызметкері Идибек Мухтожев ұсталды. Тергеу мәліметінше, қашқын бірнеше күн бұрын соның телефонымен білгісіз адамдармен сөйлескен.

XS
SM
MD
LG