Ссылки доступа

Тоқаев елдімекендері өртке оранған Қостанай облысына барды


Дүйсенбі, 5 қаңтар күні Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қостанай облысына жұмыс сапарымен барды. Бұл туралы президенттің баспасөз қызметі хабарлады.

Қостанай облысында 2 қыркүйекте Қазанбасы ауылынан 20 шақырым жерде орманда өрт шығып, жайыла бастаған. Кейін өрт аумағы ұлғайып, жақын маңдағы бірнеше елді мекенді өрт шалды. 1,8 мыңнан астам адам эвакуацияланған: Озерное (250 адам), Аманқарағай (1000 адам), Калинино (228 адам), Лесное (363 адам). Төтенше жағдай министрлігі өрт сөндіруге 36 градус ыстық пен жел кері әсерін тигізіп жатқанын айтқан. 4 қыркүйек күні облысты төтенше жағдай енгізілген.

"Сапар барысында Әулиекөл ауданындағы өрт сөндіру жұмыстарымен танысады" деді президент баспасөз қызметі.

Тоқаевтың облысқа сапары өртке дейін белгіленген. Ол онда қазақтың танымал ағартушысы, 1937-1938 жылдардағы сталиндік репрессия кезінде атылған Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған мерекелік шараға қатысуы тиіс болған.

3 қыркүйекте президент баспасөз хатшысы Руслан Желдібай сапардың шегерілмейтінін жазды.

"Қалыптасып отырған жағдайға қарамастан, Президент өзінің берген сөзінен таймай, 5 қыркүйектегі жұмыс кестесіне сәйкес Торғайға жұмыс сапарымен барады" деді ол Facebook желісінде.

Төтенше жағдайлар министрлігі 4 қыркүйек күні өрт аумағының 43 мың гектардан асқанын хабарлаған. Содан бір күн бұрын өрт аумағы 9 мың гектар деп айтылды.

Ведомство осыған дейін он адамның жеңіл және орта дәрежедегі жарақатпен ауруханаға жеткізілгенін, төртеуі стационарға жатқызылғанын хабарлаған. Аманқарағай ауылында өртенген үйлердің бірінен 1936 жылы туған адамның мәйіті табылған. Министрліктің айтуынша, оған "эвакуация жөнінде инспекторлар хабар бергенмен, басқа жаққа кетуден бас тартқан".

XS
SM
MD
LG