Ссылки доступа

Қырғыз белсенділері Ресей эстрадасы әншілерінің гастрольдеріне қарсы акция өткізді


5 қыркүйекте Қырғызстандағы бірнеше азаматтық белсенді Мәдениет министрлігінің ғимараты алдына жиналып, Ресейдің танымал әртістерінің концертіне қарсы акция ұйымдастырды.

Олардың арасында белсенді Ондуруш Тоқтонасыров, журналист Замир Осоров, сонымен бірге "Бейбітшілік үшін күрес" ұйымының жетекшісі Валерий Булашов бар. Шағын топ "Қырым - Ресейдің бір бөлігі" деп мәлімдеген ресейлік әртіс Филипп Киркоровтың концертіне қарсы шықты.

"Біз соғысты қолдамаймыз. Біз басқыншы ел әншілерінің Қырғызстанға келуіне қарсымыз", - деп мәлімдеді Тоқтонасыров.

Киркоровтың концерті Бішкекте 3 қарашада өтеді деп жоспарланған.

Ресей әскері биыл 24 ақпанда Украина аумағына басып кірді. Ресейлік қарулы күштер осы уақытқа дейін Украинаның оңтүстігі мен шығысындағы бірнеше облыстың аумағын басып алды, алайда Киев түбі мен солтүстік өңірлерден шегінуге мәжбүр болды. Бұл соғыс жанжалдасуы қос тарапты шығынға батырды. Бейбіт тұрғындар да көптеп өліп жатыр. Батыс елдері Украинаға қару-жарақ беріп, Ресейге санкция салды.

XS
SM
MD
LG