Ссылки доступа

Тәжік билігі Душанбеде діни әдебиет сатылатын жаймаларды жапты (видео)


Тәжікстан билігі Душанбе орталығында діни әбедиет сатылатын дүкендерді жапты. Дін істері жөніндегі комитет өкілдері бұл әрекетін түсіндірмеді, бірақ шенеуніктердің бірі бұны "уақытша шара" деп атады.

Азаттықтың тәжік қызметінің тілшілері Душанбе орталық мешіті маңында орналасқан кітап дүкендері жабық тұрғанын білді. Мұндай оннан астам саудагер жұмыс істеген. Тұрғындар діни әдебиетті осы жерден сатып алатын.

Кітап жаймаларының бірінің қожайыны билік дүкендерді үш апта бұрын жауап кеткенін, олар діни әдебиет сатуға рұқсат бермей отырғанын айтты.

Дін істері жөніндегі комитеттің Діни бірлестіктер басқармасы дүкен есіктеріне мөр салып кеткен.

Комитеттің бір қызметкері өткен айда бірлескен комиссия осы жайларды тексеріп, есіктерін мөрлегенін растады. Шенеунік аты-жөні аталғанын қаламады.

"Кітап жаймаларынан алынған бірнеше материал мен әдебиетті тексеріп жатырмыз. Дүкендер қайтадан ашылады деп ойлаймын", - дейді комитет өкілі.

Комиссия өкілдеріне нақты қай діни әдебиет не материал ұ.намағаны әзірге белгісіз. Бұл жаймаларда әдетте комитет рұқсатымен басылған, не шетелден әкелінген діни әдебииет сатылады.

Жыл басында билік Ауғанстанның бір кәсіпкерінің жалпы салмағы 13 мың тонна болатын Құран кітаптарды Тәжікстанға кіргізуге рұқсат бермеді.

Халықаралық ұйымдар тәжік үкіметін азаматтардың діни сенім еркіндігін шектеп, діни ғұрыптар жасауға рұқсат бермей отыр деп сынаған.

Власти закрыли в Душанбе книжные лавки с религиозной литературой
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:02:43 0:00
XS
SM
MD
LG