Ссылки доступа

Өзбекстандықтарға ШЫҰ саммиті өтетін күндері Самарқанға бармауға кеңес берілді (видео)


Самарқанд ішкі істер басқармасы 14-17 қыркүйек аралығында қалаға кіруге шектеу қойылатынын ескертті.

Жергілікті билік шешімін бұл күндері Самарқанда Шанхай ынтымақтастық ұйымы саммитінің өтуімен түсіндірді.

Бұған қоса, қалада 16 көшедегі қозғалыс тоқтайды. Шектеу енгізілген көшелерде жедел жәрдем мен құтқару қызметінің көліктеріне ғана жүруге рұқсат. Жолаушы көліктері бұл аудандарды айналып өтеді.

Бұның алдында "Путиннің саммитке келуіне байланысты" қалада қауіпсіздік шаралары күшейтілгені хабарланған.

Самарқанд әуежайы да 14-16 қыркүйек күндері жабылады. Ал қаладағы мектептерде сабақ 19 қыркүйекте ғана басталады.

Шанхай ынтымақтастық ұйымына Ресей, Қытай, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Үндістан, Пәкістан және Иран кіреді. Ауғанстан, Моңголия және Беларусь бақылаушы мәртебесіне ие.

XS
SM
MD
LG