Ссылки доступа

Тәжікстанда 1200 ер азамат бір айлық әскери қызмет үшін 3,2 миллион доллар төлеген 


Мобилизациялық резерв аясында әскери дайындықтан өтіп жатқан 1200 тәжікстандық өспірім өлкенің қорғаныс министрлігінің арнайы есеп-шотына 32 миллион сомониден астам (3,2 миллион доллардан көп) ақша аударған.  

Тәжікстанның "Әскери міндет және әскери қызмет туралы" жаңа заңына сәйкес, әскерге баратын жастар бір айлық қызметін өтеп, мемлекетке 27 мың сомониден ақша аударып, әскери билет ала алады.

Тәжікстанның қорғаныс министрлігінің баспасөз хатшысы Фаридун Махмадализоданың айтуынша, мекеме түскен қаржыны қорғаныс саласын модернизациялауға және әскери қызметкерлерді әлеуметтік жақтан қорғауға жұмсайды.

Тәжікстанжа жыл сайын әскерге шақыру маусымы басталғанда, жастарды көшеден және үйінен ұстап әкетіп, мәжбүрлеп әскерге тартып жатқанын видеолардан көруге болады. Бұдан бөлек жергілікті БАҚ-та әскердегі әлімжеттік, белгісіз жағдайда қаза тапқан сарбаздар туралы ақпарат жиі шығып тұрады.

Шілде айында Тәжікстанның қорғаныс министрлігі армия туралы "жалған мәліметтер" таратқандарға әкімшілік жаза сұраған.

XS
SM
MD
LG