Ссылки доступа

Өзбекстан президенті оқулықтарды тегін беруді тапсырды 


Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев мектептерде оқулықтар мен іс дәптерлерінің бағасы бірден қымбаттап кеткеніне наразылықтар айтылып жатқанда, "оқулықтарды тегін жалға беруге" тапсырма берді.  

Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Шерзод Асадов хабарлады.

"Оқулықтар білім алудың негізгі құралы екенін ескеріп, президент үкіметке кітаптарды жалға тегін беруді ұйымдастыруды тапсырды", - деді.

Осыған дейін биыл оқу жылында бір кітаптың жалға алу бағасы 5 707 сум деп белгіленгені хабарланған. Бұл былтырғымен салыстырғанда, 2 967 сумға немесе 2,1 эсеге көп.

XS
SM
MD
LG