Ссылки доступа

АҚШ сенатының комитеті Душанбені Озоди радиосының журналистеріне шабуыл жасағандарды жазалауға шақырды 


АҚШ сенатының халықаралық қатынастар комитеті Тәжікстан билігін Озоди радиосының журналистеріне шабуыл жасағандарды жауапкершілікке тартуға шақырды. 

2 қыркүйекте сенат комитетінің "Твиттердегі" парақшасына жарияланған мәлімдемесінде журналистерді қорқыту және оларға шабуыл жасауға жол берілмеу керегі жазылған.

"Тәжікстан "Азат Еуропа/Азаттық радиосының" қызметкерлеріне өзінің журналистік міндетін атқаруға және еркін жеткізуге мүмкіндік жасау керек", - делінген мәлімдемеде.

Биыл мамыр айында Таулы Бадахшандағы халық наразылығынан кейін, журналистерді қуғындау басталған.

17 мамырда Озоди радиосы мен "Настоящее Время" телеканалының тілшілеріне Душанбеде бадахшандық азаматтық белсенді Ульфатхоним Мамадшоевадан сұқбат алғаннан кейін шабуыл жасалып, түсіру техникалары мен телефондарын алып кеткен.

31 тамызда "Азат Еуропа/Азатық радиосы" медиакорпорациясының президенті Джейми Флай Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонға хат жолдап, журналистерді қуғындауға қарсы екенін жеткізген.

Бірақ бұл хатқан тәжік президентінің әкімшілігі жауап бермеді.

XS
SM
MD
LG