Ссылки доступа

Өзбек арнайы қызметі 95 келі ауған есірткісін тәркіледі


Мемлекеттік қауіпсіздік қызметінің Сұрқандария облысындағы басқармасы есірткі айналымымен күрес аясында бірқатар шұғыл шара өткізді, деп хабарлады МҚҚ баспасөз қызметі.

Ташкенттің Чиланзар ауданында басқарма қызметкерлері Matiz автокөлігін тоқтатып, тексерді. Көліктегі екі шетел азаматынан 23 кг апиын мен 30,1 кг гашиш табылды. МҚҚ мәліметінше, есірткі Ауғанстаннан Өзбекстанға заңсыз әкелінген.

Ал Термез қаласында бұрын істі болған бір азаматтың Lacetti автокөлігінен 39,5 кг гашиш табылды. Есірткіні елге Ауғанстаннан есірткі сатушылар әкелген.

Денау ауданында бұрын сотталған бір азаматтың үйінен 2,4 кг апиын табылды. Ол есірткіні сату үшін сақтаған.

Қызмет жүргізген шұғыл шаралар барысында барлығы 25,4 кг апиын мен 69,6 кг гашиш тәркіленді.

Осы жайттарға қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр.

XS
SM
MD
LG