"Тәжік темір жолдары" компаниясының хабарлауынша, алғашқы пойыз 7 қыркүйекте жергілікті уақыт бойынша сағат 13.00-де қозғалады. Пойыз он вагоннан тұрады.
Компанияның баспасөз хатшысы Анваржон Латифзоданың айтуынша, пойыз 614 жолаушы тасиды, билеттердің дені сатылып кетті.
Жолаушы пойызы апта сайын қатынайды. Худжандтан Волгоградқа дейінгі билет 1200-1300 сомони (120-130 доллар) тұрады.
Бұл - Тәжікстаннан Ресейге темір жолмен қатынайтын үшінші пойыз. Алғашқы пойыз Волгоградқа Куляб қаласынан 16 тамызда, екіншісі Душанбеден 27 тамызда жолға шықты. Еске салайық, Ресей 2020 жылғы наурызда коронавирус індетіне байланысты Тәжікстанмен темір жол қатынасын тоқтатып қойды.