Ссылки доступа

Қырғызстанның оңтүстігінде 14 жастағы қызды өлтірді деген күдікпен үш адам ұсталды


В селе Ноогардан на трассе Ош—Раззаков күре жолы бойында орналасқан Ноогардан ауылындағы селден қорғаныс тоннелінде 14 жастағы қыздың мәйіті табылды. Қажамжай ауданының үш тұрғыны кісі өлтірді деген күдікпен ұсталды.

Баткен облысы ішкі істер басқармасының хабарлауынша, оқиға орнында жұмыс істеген милиция қызметкерлері қыздың қолы байлаулы болғанын, мойнында арқанмен қылқындырудан із қалғанын анықтаған.

Тексеру кезінде ұсталған күдіктілердің бірінің автокөлігінен заттай айғақтар табылды.

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров оқушы қыздың өліміне қатысты істі назарында ұстайтынын мәлімдеді.

Қырғызстан омбудсмені Атыр Абдрахматованың айтуынша, балаларға қарсы жасалған қылмыстардың дені аяғына жетпей жабылып қалады. Оның дерегінше, 2021 жылы балаларға зорлық көрсету қылмысына қатысты 104 жайт тіркелген, бірақ солардың 95 пайызы тоқтатылған.

XS
SM
MD
LG