Ссылки доступа

Алматыда жолаушы автобусы өртенді


Алматыда рейсте жүрген жолаушы автобустарының бірі өртенді, деп хабарлады жергілікті ақпарат агенттіктері. Төтенше жағдайлар жөніндегі мекеме мәліметінше, өрттен ешкім зардап шекпеген.

Оқиға 6 қыркүйекте таңертең Сайын және Шаляпин көшелері қиылысатын ауданда болған.

Әлеуметтік желілерде жарияланған суреттерден автобус толық дерлік өртенгенін, қою түтін ауданды басып қалғанын көруге болады.

Көше қиылыстарындағы өрт салдарынан бұл ауданды көліктер кептеліп қалды, деп хабарлады куәгерлер. Төтенше жағдайлар жөніндегі департамент мәліметінше, өрт сөндіру қызметкерлері өртті 20 минутта сөндірген. Автобустың өртену себебі әзірге хабарланбады. Департамент мәліметінше, "Алматыэлектротранс" компаниясына тиесілі жолаушы автобусы №38 бағытында қатынаған.

XS
SM
MD
LG